«Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін»: Шайдоров Ақордада Тоқаевқа не айтты (ВИДЕО)
Бүгін президент Ақордада Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын қабылдаған болатын
Бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров президентке алғыс айтып, алдағы жоспарларын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ең алдымен Шайдоров қолдау көрсеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша отандасымызға ризашылығын білдірген.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Бұл кездесуге Олимпиада чемпионы ретінде қатысу – мен үшін зор мәртебе. Алтын медаль – менің ғана емес, ата-анамның, бапкерлерімнің және мен үшін алаңдап, қолдау көрсеткен барша қазақстандықтың жеңісі. Бұл аянбай тер төгіп жұмыс істесең, жақын жандардың махаббаты мен сенімі болса, армандардың орындалатынын көрсетеді. Президент мырза, Сіздің қолдауыңыздың арқасында спортшылар үлкен жетістіктерге, жаңа тарихи рекордтарға қол жеткізіп жүр. Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін. Алдымда ұзақ жол бар. Елімнің сенімін ақтап, жас ұрпаққа үлгі болып, халқымыздың мерейін үстем еткім келеді. Рахмет Сізге! Сүйікті Отаныма, Қазақстаныма қызмет етемін», – деді Михаил Шайдоров.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін президент Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.