Александр Бублик Роттердам турнирінің финалына өте алмады

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол әлемнің алтыншы ракеткасымен өткен тартыста есе жіберді

Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Роттердамда (Нидерланды) өткен ATP 500 турнирінің ақтық мәресіне шыға алмады. Отандасымыз әлемнің алтыншы ракеткасымен өткен тартыста есе жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

ATP рейтингінде 10-орында тұрған Александр Бублик жартылай финалда канадалық Феликс Оже-Альяссиммен кездесті. Өкінішке қарай, матч небәрі екі сетке созылып, 1:6, 2:6 есебімен аяқталды.

Теннисшілер тенис алаңында 53 минут қана ойнады. Ойын барысында Бубликтің статистикасы төмендегідей болды:

  • 4 эйс жасады;
  • 1 қос қателік жіберді;
  • Бірде-бір брейк-пойнт мүмкіндігіне ие бола алмады.

Дегенмен, Александр Бублик үшін биылғы Роттердам турнирі табысты болды. Ол өз мансабында алғаш рет осы жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, жеке рекордын жаңартты.

Енді финалда Феликс Оже-Альяссим австралиялық Алекс де Минаурмен (әлемнің 8-ші ракеткасы) кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Бублик бұған дейін осы турнирдің ширек финалында мықты қарсыластарын қапы қалдырып, жанкүйерлерін қуантқан болатын.