Ол 44 елден келген 373 спортшының арасында үздік атанды
Германияның Хайденхайм қаласында өткен семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасының капитаны Руслан Құрбанов алтын медаль иеленді. Ол 44 елден келген 373 спортшының арасында үздік атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Жекелей сында Руслан Құрбанов турнир кестесінде айқын басымдық танытты. Ақтық мәреде отандасымыз әлем чемпионатының күміс жүлдегері, италиялық Давиде Ди Веролимен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жек 15:14 есебімен отандасымыздың жеңісімен аяқталды.
Руслан Құрбанов алтын тұғырға көтерілу жолында мықты қарсыластарды жеңді:
Бұл турнир отандық спорт тарихында алғаш рет бірден төрт қазақстандық семсершінің Әлем кубогы кезеңінің ТОП-16 тізіміне енуімен ерекшеленді. Олар: Руслан Құрбанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов және Александр Федотов.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанның ерлер құрамасы әлем чемпионатында командалық сында қола жүлде иеленіп, сенсация жасаған болатын. Қазіргі жеңіс қазақ семсерлесу біріншілігінің халықаралық деңгейдегі орнын нығайта түсті.