$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

Жарыс Қытайда өтіп жатыр

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті
Фото: olympic.kz

Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Азия чемпионатында отандасымыз Алина Чистякова қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, көпсайыс бағдарламасында өнер көрсеткен Алина Чистякова 4181 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсеткен. Ол жарыс жолында қытайлық спортшыларды басып озды:

  • Алина Чистякова (Қазақстан) – 4181 ұпай («алтын»);
  • Сюй Цзяхуань (Қытай) – 4091 ұпай («күміс»);
  • У Чжен (Қытай) – 4013 ұпай («қола»).

Осылайша, Чистякова биылғы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасының сапынан алғашқы алтын медальді иеленген спортшы атанды.

Бұл Қазақстан командасының Тяньцзиньдегі алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін тәжірибелі жеңіл атлетіміз Нора Джеруто өз қашықтығында қола жүлдеге ие болып, ел қоржынын алғашқы медальмен толықтырған болатын.

Айта кетейік, дәл осы күндері Қазақстан құрамасы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысып, әлемдік спорт аренасында ел намысын қорғап жатыр.