Шетелден ТОП-деңгейдегі 13 жаттықтырушы-кеңесші тартылған
Қазақстанның ұлттық құрамасын 2026 жылы Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 миллиард теңге жұмсалған. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, министрлік спорт федерацияларымен бірлесіп, ұлттық команданы дайындаудың кешенді жоспарын жасаған.
«Жоспар аясында оқу-жаттығу жиындары, медициналық-психологиялық қолдау, қаржылық қолдау, қажетті спорттық құрал-жабдықтар, тамақтану және білікті жаттықтырушылармен жұмыс жасау қарастырылған. Ойындарға сапалы дайындық мақсатында ұлттық командалар 178 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сондай-ақ, спортшыларымыз 125 халықаралық жарыстарға қатысты. Қаржыландырудың жалпы сомасы 13,3 млрд теңгені құрады», - деді Мырзабосынов Үкімет отырысында.
Оның ішінде:
Сонымен қатар, қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен ұлттық командалардың бас бапкерлерінің құрамы анықталды. Жаттықтырушылар құрамына әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына қатысу тәжірибесі бар жоғары деңгейдегі мамандар кірген.
«Германия, Нидерланды, Испания, Словения, Польша, Ресей және Беларусь елдерінен мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, шорт-трек және биатлон бойынша 13 шетелдік ТОП-деңгейдегі жаттықтырушы-кеңесші спортшыларымыздың сапалы дайындығына жұмылдырылды», - деп атап өтті министр.
Айта кетері, қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 35 спортшы қатысады деп болжанып отыр.