Қазақстан күрес федерациясының президенті ауысты: Тұрлыхановтың орнына Оқасов келді

Автор: Алмас Ерсін

Дәулет Тұрлыханов қызметінен кеттті

Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті ауысты. Дәулет Тұрлыханов қызметінен кетіп, оның орнына Еркін Оқасов келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жылдық қорытынды отырысында президенті сайланды.

«Алқалы жиында конференция қатысушыларының шешімімен Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып Еркін Оқасов сайланды», - деп жазылған федерация хабарламасында.

Талай жыл табанды еңбек етіп, осы уақытқа дейін федерация президенті қызметін атқарған Дәулет Болатұлына алғыс айтылды.

 «Күрестің туын түсірмей, қазақ спортын әлемге асқақтата беру үшін бар күш-жігерімді саламын. Сенім білдірген барша жандарға мың алғыс және өздеріңіздің қолдауларыңыз арқылы талай белестерді бірге бағындырамыз деп сенемін!», – деді Еркін Оқасов.

Еркін Оқасов – Батыс Қазақстан облысының тумасы. Кәсіпкер, «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы. Осы уақытқа дейін «Qazaq kuresi» қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды.