Ол «Бавария», ПСЖ, «Ливерпуль» және «Аталанта» ойыншыларымен бірге тізімге енді
Швецияның Score90 спорт порталы 2008, 2007, 2006 және 2005 жылдары туған футболшылар арасынан өзінің үздік бестігін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтбаев 2008 жылы туған футболшылар арасындағы рейтингте 5-орынға ие болды.
Тізімде бірінші орында «Баварияның» жартылай қорғаушысы Карль Леннарт тұр. Екінші орынды ПСЖ вингері Ибраим Мбайе иеленді. Үшінші орында — «Ливерпуль» шабуылшысы Нгумоа Рио. Төртінші орынға «Аталанта» қорғаушысы Онест Аанор жайғасты.
Айта кетері, бұған дейін 17 жастағы Дастан Сәтбаев Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бесінші турында «Копенгагенге» қарсы матчта (2:3) басты еурокубоктағы алғашқы голын соғып, Еуропаның басты клубтық турнирінде гол соққан ең жас футболшылардың үздік үштігіне енген еді.