$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 13:39
Қоғам

Павлодарда балаларын терезеден лақтырып жіберген ананың ақыл-есі кем деп танылды

Ол енді мәжбүрлі түрде ем қабылдауы керек

Павлодарда балаларын терезеден лақтырып жіберген ананың ақыл-есі кем деп танылды
Фото: t.me/tv24kz_rus

Сот биыл жазда Павлодарда балаларын терезеден лақтырып жіберген әйелдің ақыл-есі кем деп танып, оны міндетті емдеуге жіберді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Бұған дейінгі сот отырысында да осындай шешім қабылданған болатын.

Айта кетейік, биыл 30 шілде күні Павлодар қаласындағы Нұрмағамбетов көшесінде жантүршігерлік оқиға болды. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам бесінші қабаттың терезесінен екі баласын лақтырып жіберген. Кейін өзі де секіріп кеткен. Оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем қызметі 2017 және 2024 жылы туған балаларды ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Әйелдің өзі де ауыр жағдайда Павлодар қалалық №1 ауруханасына түсті.

Кіші бала ауыр жарақаттан айықпай, қаза тапқан. Үлкен баласын әкесі ауылға алып кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары