Астанада тұмау жұқтырған науқастар дәрігерге онлайн қаралатын болды

Автор: Бақыт Шынар

Ал ауруханадағы дәрігерлер бетпердесін үш сағат сайын ауыстыруы керек

Фото: istockphoto.com

Астананың бас санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаеваның қаулысына сай, қаладағы медициналық мекемелер тұмаудың белгілері бар науқастарды онлайн тексереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ал, ауруханада адамдарды емдеп жүрген дәрігерлер бетпердесін әр 3 сағат сайын ауыстырып отыруы тиіс.

Адамдар көп жиналатын орындардың иелері ауаны зарарсыздандыруға міндеттелді. Ауруханалардағы ішкі температура +18°С-тан төмен болмауы тиіс.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Астанада тұмаудың өршуіне байланысты емханалар жексенбі күні де жұмыс істейтін болды.