Дәрігер ағзада ісінуді тудыратын тағамдарды атады
Сарапшы алкогольді ішімдіктерді ішу ағзаны сусыздандыратынын, соның салдарынан тіндерде су жиналатынын ескертті.
Диетолог Эльвира Белева кейбір тағамдар ағзада суды ұстап, ісінуді тудыруы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
UfaTime.ru сайтының мәліметінше сарапшы чипсы, тұздалған қияр, ірімшік, ысталған ет, жартылай дайын өнім мен фастфудты тұтынуды азайтуға шақырды.
«Диетологтың айтуынша бұл тағамдар қандағы тұз концентрациясын арттырып, судың жасушадан қанға өтіп кетуіне әкеледі. Сонымен қатар бүйрек сұйықтықты шығарудың орнына оны ұстап қала бастайды, бұл ісінуді тудырады», - деп жазды портал.
Алкоголь де ісінуді тудырады. Сарапшы алкогольді ішімдіктерді ішу ағзаны сусыздандыратынын, соның салдарынан тіндерде су жиналатынын ескертті.
Еске сала кетейік, бұған дейін гастроэнтеролог Ольга Чистик ұйқыны бұзбау үшін кофенің уақытын қадағалау маңызды екенін мәлімдеді. Маман кофеиннің ағзада сегіз-он сағат бойы болатынын, сондықтан оны сағат 14:00-15:00-ден кейін ішуге болмайтынын атап өтті. Дәрігердің айтуынша кофеинге сезімталдығы жоғары адамдарға одан да ертерек тоқтату ұсынылады. Жүктілік, гормоналды контрацептивтерді қабылдау және қартайған кезде метаболизм баяулайды және кофеиннің әсері ұзаққа созылуы мүмкін.