$ 519.41  600.85  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 15:38
Қоғам

Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды

Қазір ауданда 86,4 шақырым жол жөнделіп жатыр

Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жол инфрақұрылымын дамыту барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, қазір ауданда 86,4 шақырым болатын жол орташа жөндеуден өтіп жатыр. Жұмыстар Шаңырақ-1, Шаңырақ-2, «14-территория», Ақбулак, Алғабас, Зерделі, «АЗТМ», Боралдай, Байбесік, Шапағат, Өжет, «Птицевод», Қарасу, Саялы-1, Саялы-2, Көкқайнар, Самғау, Төлебай сияқты 18 шағын ауданды қамтыған.

Жөндеу жұмысы тамыз айында басталып, 172 көшені қамтыды.

Сонымен қатар, Алатау ауданында Боралдай және Рахат-Мәдениет шағын аудандарында Алматы қалалық мобильділік басқармасының тапсырысымен жаңа жол да салынып жатыр.

Тағы 45 көшеде шұңқырлар бітеліп, тегістеліп, 50 мың шаршы метр жол жабыны жаңартылды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алатау