$ 521.01  603.43  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бастығы» бар фрилансер әлеуметтік кепілді төлемдерден тыс қалып отыр - депутат

Бұл қызметкерлердің әлеуметтік көмек алуы үшін қажет

«Бастығы» бар фрилансер әлеуметтік кепілді төлемдерден тыс қалып отыр - депутат
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов азаматтық-құқықтық шарт (ГПХ) бойынша еңбек етуге келіскен қызметкерлердің еңбек құқығын қорғау үшін заң жобасына бірқатар өзгертулер енгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Елімізде көптеген жұмыс берушілер қаржысын үнемдеу және әлеуметтік кепілдіктерден жалтару үшін, еңбек шартының орнына азаматтық-құқықтық шарт (ГПХ) жасасуды әбден әдетке айналдырды. Жұмыскер жұмыс тәртібіне бағынады, жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді, бастығы бар, бірақ қағаз жүзінде ол «қызметкер» емес, «мердігер» болып саналады», – деді депутат.

 Асхат Аймағамбетов атағандай, осындай шартта отырған жұмыскер әлеуметтік кепілдіктерден айырылады.

«Ол еңбек демалысына шыға алмайды. Әйелдер де жүктілікке байланысты демалысқа шыға алмайды. Зейнетақы жарнасы аударылмайды, медициналық сақтандыруы болмайды.  Енді біз бұған нақты тосқауыл қоямыз. Егер қарым-қатынаста еңбек шартының кем дегенде бір белгісі болса, онда азаматтық-құқықтық шарт жасасуға тыйым салынады. Нәтижесінде, он мыңдаған адам толыққанды әлеуметтік кепілдіктерге ие болады», – деді депутат.

Серіктес жаңалықтары