Қазақстан азаматы 740 теңге үшін 2,5 жылға заңсыз сотталып кеткен

Автор: Бақыт Шынар

Кассациялық сот үкімнің күшін жойды

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанның қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты 740 теңге үшін сотталып кеткен азаматты ақтап шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, біреудің үйінен 740 теңге ұрлап кетті деп айыпталған азаматты сот Қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша 2 жыл алты айға шартты түрде соттап, жыл сайын 100 сағат еңбекке күштеу жазасын кескен.

Істің мән-жайы

Сотталған азамат танысынан 500 теңге қарыз сұрауға келген. Танысының үйіне келгенде есік ашық тұрған соң кірген. Сол жерде қолға түскен. Бірінші сатыдағы сот айыпталушыны аса ірі көлемде ұрлық жасағысы келді деп айыптаған. Бірақ, ол небары 500 теңге алып, шығып кеткен. Жалпы, залал мөлшері 740 теңгеге тең болған.

«Кассациялық сот күдікті адамның 740 теңге көлемінде ғана ұрлық жасағаны, ал сол жылы, яғни, 2022 жылы бұл ақша 2 АЕК-ден кем екенін анықтаған. Екі айлық есептік көрсеткіштен аз ақша қылмыстық қудаулауға жатпайды. Жалпы, күдіктінің ойында қылмыс жасау ниеті болмағаны анықталды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Осылайша, кассациялық сот ұылмыстық қудаулауды тоқтатып, жігітті ақтап шықты. Ол енді толығымен ақталу керек.