Асылов қазақстандықтардың 67 млн теңгесін қалтаға басқан алаяқтар туралы айтты

Автор: Бақыт Шынар

Беларусьте осы іс бойынша 55 адам жауапқа тартылып жатыр

Фото: Бас прокуратура

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов интернет алаяқтыққа қарсы күрес бағытында қандай жұмыс атқарылғанын айтып, есеп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соның ішінде, алаяқтардан келетін қоңырауларды автоматтарды түрде бұғаттап отыру үшін нақты жұмыстар атқарылған.

«Интернет-алаяқтарға қарсы іс-қимыл және азаматтарымызды қорғау жөнінде жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Биыл прокуратура органдары «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, Астанада алаяқтардың қоңырауларын тоқтатуға және қылмыстар жасалғанға дейін олардың алдын алуға бағытталған Анти Call-орталығы бірегей жобасын  іске қосты. Жұмыс басталған сәттен бастап, үш айдан сәл астам уақыт ішінде 70 мыңнан астам шетелдік қоңыраулар бұғатталды», - деп хабарлайды Асылов.

Оның айтуынша, бұндай нәтижеге қол жеткізу үшін операторлар мен прокурорлар күні-түні жұмыс істейді.

«Соның арқасында, Астанада биыл 10 айының қорытындысы бойынша интернет-алаяқтықтың 22% тұрақты төмендеді.. Басқаша айтқанда, мыңдаған азаматтың ақшасы қорғалды. Орталық барлық қазақстандықтарға қатысты қылмыстық алаяқтық әрекет жүргізетін шетелдік колл-орталықтары мен цифрлық құрылғылардың орналасқан жерін анықтауға да көмектеседі. Ресейдің, Украинаның және Арменияның құқық қорғау органдарымен бірлесіп телефондық алаяқтықпен айналысқан он қылмыстық кеңсе  әшкереленіп, олардың қызметі жойылды. 63 қаскүнем ұсталды», - деп жазған Бас прокурор.

Сондай-ақ, Асылов Беларусьте басқа елдердің, оның ішінде Қазақстанның азаматтарына қатысты қарсы жұмыс істеген 55 адам жауапқа тартылғанын жазды. Қазақстандықтар олардан 67 миллион теңге залал көрген.

«Мен бұл жобаны ел бойынша кеңейтуді тапсырдым», - дейді прокурор.