Адам өз еркін «цифрлық растау» арқылы білдіре алады
Қазақстан цифрлық ортада заңды күші бар құжаттардың үш түрін айқындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәжілісте бірінші оқылымда қаралған Цифрлық кодекс жобасында цифрлық ортадағы адамның негізгі құқықтары қамтылған. Олар ұмыту құқығы, яғни адамның өзі туралы деректерді өшіруі, ақпаратқа қол жеткізу құқығы, цифрлық сәйкестілік пен құпиялылықты қорғау құқығы. Аутентификация мен идентификацияның құқықтық режимі күшейтіледі, оған көпфакторлы және биометриялық тәсілдер кіреді.
«Электрондық цифрлық қолтаңба қолтаңбаның жалғыз заңды түрі ретінде сақталады. Сонымен қатар, «цифрлық растау» санаты енгізіледі. Бұл жоғары заңдық мәні жоқ әрекеттер үшін ерік білдірудің жеңілдетілген түрі», - деді депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева.
Оның айтуынша, цифрлық ортадағы құжаттар бірнеше форматта болады:
Сондай-ақ Кодекс жобасында смарт-келісімшарттардың (өздігінен орындалатын цифрлық келісімдер) құқықтық режимі бекітіліп отыр. Ол дәстүрлі келісімшарттарды алмастырмайды, бірақ олардың орындалу тетігі ретінде қолданылуы мүмкін.