$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жыл соңына дейін Абай облысының 10 ауылына интернет тартылады

Ауылдардың интернетке қолжетімділігі 96%-ға дейін жетуі мүмкін 

Жыл соңына дейін Абай облысының 10 ауылына интернет тартылады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Абай облысында сапалы интернетпен қамтамасыз ету және жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін Ақсуат, Бесқарағай, Аягөз, Жарма және Көкпекті аудандарының 10 ауылы интернет желісіне қосылады. Бұл туралы өңір әкімі Берік Уәли айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен цифрлық жүйелерді дамытпай, жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін еместігін, оларды ел егемендігі мен экономикалық дамудың қозғаушы күші деп атады. Біз осы бағытта облыста да нақты шараларды іске асырып келеміз», – деді әкім.

Оның мәлімдеуінше, 2026 жылдан бастап облыстың 179 ауылы мен 343 әлеуметтік нысаны талшықты-оптикалық желіге қосылады. Сонымен қатар, 26 шалғай ауыл Жусан Мобайл (Jusan Mobile) арқылы спутниктік интернетке қол жеткізеді. Нәтижесінде ауылдардың интернетке қолжетімділігі 96%-ға жетеді деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, ЖИ және цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып, облыста жаңа технологияларды қолданатын жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында онлайн-кезек басқару жүйесі, облыстың киелі орындарының голограммасы, CRM-жүйесі, Делдал-бот, AssylAI, Жидеккейзет (Jidek.kz) порталы және республикалық деңгейде алғаш рет іске қосылған санминимумкейзет (sanminimum.kz) порталы бар.

Серіктес жаңалықтары