$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.06.2020, 01:28
Қоғам

Шымкентте 170-тен астам оқушы ҰБТ-ға жіберілмеді

Сонымен қатар 51 түлектің тест қорытындысы жойылды

Шымкентте 170-тен астам оқушы ҰБТ-ға жіберілмеді
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 170-тен астам оқушы ҰБТ-ға жіберілмеді. Олар сынақ тәртібін бұзған. Сонымен қатар 51 түлектің тест қорытындысы жойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

222 оқушы сынақ барысында рұқсат етілмеген заттарды пайдаланған. Олар тамыз айында кешенді тестілеуге қатысып, ақылы оқуға түсе алады. 

«Биыл Шымкентте 8 885 шәкірт мектеп бітіріп жатыр. Оның 8 мың 570-і ұлттық бірыңғай тестке қатысуға ниет білдірген. Биылғы талаптарға сәйкес аудиториядағы барлық бейнебақылау алынып, қайта тексеру жүргізіледі. Әсіресе, жоғары балл жинаған түлектердікі қайта қаралып, егер ол жерде заң бұзушылықтар анықталатын болса, жинаған балы да, ұтып алған гранты да жоққа шығарылатын болады», - дейді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Шымкент #ҰБТ