Қазақстанда 800-ден астам жас жауынгер әскери Ант қабылдады
Жас Ұлан қатарына шақырылған 800-ден астам сарбаз демалыс күндері Ант қабылдады, деп жазады Polisia.kz.
Дереккөзіне сүйенсек, елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты, ұлдарының Ант қабылдау рәсіміне келе алмаған ата-аналар шараны онлайн форматта тамашалаған.
«Қазіргі жағдайды ескере, жас сарбаздар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әскери Ант берді. Әскери қызметшілер бетперде кисе,объективті себептерге байланысты келе алмай қалған ата-аналар үшін онлайн-көрсетілім ұйымдастырылды. Жас сарбаздың курсын өткен еліміздің барлық өңірлерінен келген 800-ден астам сарбаз салтанатты түрде Отанға адал болуға ант беріп, толыққанды Отан қорғаушы атанды», - деп жазады сайт.
Сондай-ақ, тікелей эфир әр взвод үшін бөлек ұйымдастырылғаны, яғни ешкім назардан тыс қалмағаны хабарланып отыр.