$ 522.49  601.07  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 04:05
Қоғам

Таразда полицейлер мас жүргізушіні қуып жүріп ұстады (ВИДЕО)

Жүргізуші полицияның заңды тоқтату талабына бағынбай, қашуға әрекеттенген

Таразда полицейлер мас жүргізушіні қуып жүріп ұстады (ВИДЕО)
Фото: © freepik.com

Таразда BMW-ның мас жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ ведомстволық сайтына сілтеме жасап.

Түнгі уақытта Тараз қаласында полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтады. Патрульдік полиция экипажы жол қозғалысына қауіп төндірген BMW автокөлігін байқап қалған.

«Алайда жүргізуші полицияның заңды тоқтату талабына бағынбай, қашуға әрекеттенген. Құқық қорғау қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстаған», - деп жазылған хабарламада.

Тексеру барысында ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Оның әрекеті ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін еді, алайда полицейлердің қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында ықтимал жол апатының алды алынды.

Жүргізушіге көлікті мас күйде басқарғаны, полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны және қарсы бағытқа шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция тұрғындарға ескерту жасайды: мас күйде көлік басқару адам өміріне қауіп төндіретін, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу болып саналады. Әр азамат өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігі үшін жауапты екенін ұмытпауы тиіс.

Серіктес жаңалықтары