Қазақстанда Абай күнін белгілеу ұсынылды

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде тағы бір мерекелік демалыс пайда болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда Абай күнін бекіту ұсылынылды. Жаңа мереке туралы «Ашық ҮЕҰ» порталында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қаулысына сәйкес, Абай күнін 10 тамызға белгілеу ұсынылды.

«Аталған қаулыға сәйкес бекітілген Қазақстандағы мерекелік даталардың 22-1 пункіттерін мынадай мағынадағы сөздермен толықтыру керек. «22-1. 10 тамыз - Абай күні», - делінген құжатта.

Ұсынысты талқылау 13 маусымда өтеді. Ұсыныс-пікірлерді «Ашық ҮЕҰ» порталына жазып қалдыруға болады.

Айта кетейік, биыл қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады.