Новости спорта, футбол, КПЛ

Көлгінов елорда емханаларының бас дәрігерлеріне бірқатар тапсырма берді

Сонымен қатар ол фармацевтикалық компания басшыларына да бірқатар міндет жүктеді

Көлгінов елорда емханаларының бас дәрігерлеріне бірқатар тапсырма берді
Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алай Көлгінов емханалардың бас дәрігерлерімен, фармацевтикалық компания басшыларымен онлайн-кездесу өткізіп, бірқатар міндет қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бірінші. Пациенттермен кері байланысты күшейту. Әрбір симптомсыз науқасты бақылауда ұстау. Егер симптомдар анықталса науқастар ауруханаға жатқызылады. Симптомсыз тасымалдаушылар өзін-өзі оқшаулауы керек. Сыртқа шығуға болмайды», - деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Екіншіден, барлық зертханалардың, емханалардың және стационарлардың базаларын бірыңғай базаға біріктіру үшін жұмыс істейтінін айтты. Мысалы, науқастың ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, дерек ол тіркелген емханаға тікелей түседі. Әрі қарай дәрігер алгоритмге сәйкес науқаспен жұмыс істейді.

«Үшінші. Жедел жәрдем станциялары телеграм-боттың (@ns103bot) сапалы жұмысын қамтамасыз етуі керек. Ол арқылы қала тұрғындары жедел жәрдем шақыра алады, сондай-ақ колл-орталықтың жұмысын қамтамасыз етуі маңызды. Ахуал орталығы жұмысын күшейтеді. Науқастар топталып қалмау үшін қызметкерлер КВИ бар науқастарды стационарларға таратады», - деп жазды Көлгінов.

Төртіншіден, фармкомпанияларға қысқа мерзімде қаланың дәріханаларына медициналық дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесін шешу тапсырылды. Сонымен қатар оларға әкімдік тарапынан қажетті көмек көрсетілетінін (логистикалық мәселелерді шешіп, дәрі-дәрмектерді сатып алуға жеңілдетілген несиелер беру және т. б.) атап өтті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.