Ұлттық төлем жүйелері арқылы минут сайын 5,4 млрд теңгеден астам ақша өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы 597,2 трлн теңге сомаға 30,6 млн транзакция жүргізілді

Фото: ашық дерек көзінен

Күн сайын ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,3 трлн теңгеге 167,7 мың төлем жүргізіледі, яғни минут сайын операциялық күндері  5,4 млрд теңгеден астам ақша өтеді.

«Тұтастай алғанда, 2019 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмыс істеу коэффициенті 99,99%-ды құрады. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асады және төлем жүйелері жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды», - деп хабарлады Ұлттық Банктің Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның төлем нарығында барлығы 17 төлем жүйесі жұмыс істейді.