29.10.2025, 11:16
Қоғам
Смышляева: Сенаттың түзетулері ЖИ туралы заңдардың мазмұнын өзгертпейді
Сенат жалпы 16 түзету енгізген
Фото: AMANAT
Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заң мен оған ілеспе заңдарға Сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляева хабарлағандай, Сенат 16 түзету енгізген. Олардың арасында ешбір түзету Мәжіліс қабылдаған заңдардың мазмұнын өзгертпейді.
«Түзетулердің бәрі редакциялық және нақтыланған сипатқа ие. Осы түзетулер құқықтық қолдануға әсер етпейтіндіктен, Парламент Сенаты ұсынған өзгертулер мен толықтыруларға келісуге болады деп санаймыз», - деді ол.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді