«Астана» велокомандасының жейдесі үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр - Александр Стубб

Автор: Темірхан Айжан

Ол Қазақстаннан алған құнды естелігін еске алды 

Фото: Ақорда

Финляндия президенті Александр Стубб Қазақстан халқының қонақжайлығына ризашылық білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстандықтардың қонақжайлығы ерекше есімде қалды. Әсіресе, Астанаға алғаш рет келгенімде (Сыртқы істер министрі ретінде - ред.) үздік велошабандоздарыңызбен бірге жаттығудың сәті түсті. Олар маған кәдесый ретінде Александр Винокуровтың қолы қойылған «Астана» велокомандасының жейдесін  сыйға тартты. Мен үшін өте құнды бұл жейде үйімнің төрінде әлі күнге сақтаулы тұр», - дейді ол.

Еске салайық, Финляндия президенті Александр Стубб елімізге алғашқы ресми сапармен келді. Ел делегациялары келіссөздер жүргізіп, 15 құжатқа қол қойылды.