$ 535.83  624.94  6.69
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 13:44
Қоғам

Өскемендегі бір мектепте коронавирустан көз жұмған полицейдің құрметіне сынып ашылды

Дәуір Ибраев қалалық полиция басқармасын басқарған еді

Өскемендегі бір мектепте коронавирустан көз жұмған полицейдің құрметіне сынып ашылды
Фото: ШҚО ПД

2020 жылы 9 шілде күні Өскемен қалалық полиция басқармасының сол кездегі басшысы Дәуір Ибраев коронавирустан көз жұмған еді. Бүгін офицердің құрметіне қаладағы №30 мектепте «Жас сақшы» сыныбы ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, 6-сыныптың 21 оқушысы дәл осы сыныпта білім алмақ.

«Дәуір Ибраев 1978 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ол ведомстволық жоғары оқу орнын тәмамдап, 2000 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының полиция құрылымдарында қызмет атқарған. Еңбек жолында Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдерін басқарған, ал 2016 жылдан бастап Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған», — деп еске алады әріптестері.

Ал сыныптың ашылуына Дәуір Ибраевтың ата-анасы мен туыстары, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары қатысты. Әріптесін еске алуға келген ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Манапов та жастарға ерлік пен еңбектің мән-мағынасын түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары