$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.06.2020, 23:27
Қоғам

Көкшетауда бір отбасы коронавирус жұқтырып, ұлы мен ата-анасы қайтыс болды

43 жастағы дәрігер ата-анасынан бөлек тағы 15 адамға вирус жұқтырған

Көкшетауда бір отбасы коронавирус жұқтырып, ұлы мен ата-анасы қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Көкшетауға елордадан келіп, ата-анасына вирус жұқтырған дәрігер қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облысының тауарлар және көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында хирург болып жұмыс істеген дәрігер облыстық туберкулезге қарсы диспансерде екі апта ем қабылдаған. Облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусинаның айтуынша, соңғы күндері жағдайы күрт нашарлағандықтан, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

«Өкінішке қарай, 43 жастағы дәрігер бүгін көз жұмды. Осы бейсенбіде коронавирустан оның әкесі де қайтыс болды. Сенбі күні анасының да жағдайы күрт нашарлап кетті. Көпсалалы облыстық ауруханасындағы жансақтау бөліміндегі кешенді шаралар еш нәтиже бермей, екі сағаттан соң 68 жастағы әйел де өмірден озып кетті. Одан да коронавирус анықталды», - дейді Айнагүл Мусина.

Елордалық дәрігер ата-анасы мен әпкесінен бөлек тағы 15 адамға вирус жұқтырған.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары