Тоқаев көреалмаушылық пен қызғаныштан арылу керек дейді

Автор: Бақыт Шынар

Президент ол ойын бүгін Ақордада айтты

Фото: Ақорда

Бүгін Республика күніне орай Ақордада салтанатты жиын өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар арасындағы ауызбіршілікке тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президенттің айтуынша, Қазақстанды күшті және дамыған озық ел ету – тек өз қолымызда.

«Осылайша, біз бәріміз Қазақстан азаматтарының жасампаз рухын сыйлауымыз керек. Мұндай игі үрдісті жан-жақты қолдау қажет. Ел мүддесі үшін биік мақсаттарға ұмтылыс ұлттық болмысымызға тән қасиет болуы керек. Армандау, алға мақсат қою – өте дұрыс. Алайда қазіргі заман нақты іс-әрекеттің уақыты екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан елге пайдалы, болашаққа қажет істермен айналысу керек. Сөз жүзінде емес, іс жүзіндегі отаншылдық, яғни нағыз патриотизм дегеніміз – осы. Қазір еліміз аса күрделі жолдың басында ғана тұр. Біз бір ел болып, бір-бірімізді қолдауымыз керек, көреалмаушылық, қызғаныш сияқты теріс әдеттерден арылған жөн», - деді Тоқаев.

Президент Қазақстанды күшті және дамыған озық ел ету – тек өз қолымызда екенін айтып, оған біздің мүмкіндігіміз де, әлеуетіміз де жететін еске салды.