$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.10.2025, 12:15
Қоғам

«Он екі адамның қазасы себеп»: Ақтөбе әкімдігі гала-концерт пен отшашу өткізбейтін болды

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады

«Он екі адамның қазасы себеп»: Ақтөбе әкімдігі гала-концерт пен отшашу өткізбейтін болды
Фото: скриншот

Ақтөбе қаласында ертең, 25 қазан күні кешкі сағат 19:00-ге жоспарланған отшашу болмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 25 қазан күні сағат 19:00-де «Қазақ халқына мың алғыс» алаңында өтеді жоспарланған гала-концерт пен отшашу өңірде орын алған жағдайға байланысты өтпейтіндігін хабарлаймыз», - деп жазды Ақтөбе әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 23 қазан күні «Самара – Шымкент» автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «Газель» жолаушылар көлігі бір-біріне соғылып, 12 адам қаза тапқан болатын.

Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлағандай, алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. 

«Жол апатынан екі жүргізуші мен «ГАЗель» көлігінде отырған 10 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес адам аурухана түсті», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Жол апатына байланысты тергеу басталған. Полицияның мәліметінше, «Газель» ресми түрде Жүргенов ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдайтын көлік болған. 

Серіктес жаңалықтары