Новости спорта, футбол, КПЛ

Алдағы демалыс күндері астанада карантиндік режим күшейтіледі – фоторепортаж

Базарлар мен сауда ортиалықтары жабылады

Алдағы демалыс күндері астанада карантиндік режим күшейтіледі – фоторепортаж
фото: Нұрдаулет Әбікеев

Сенбі және жексенбі күндері, яғни 27-28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында күшейтілген карантин шаралары қайта енгізілетін болды. Әкімдік тек азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейтінін хабарлады. Azattyq Ryhy өткен аптаның демалысындағы қала өмірінен фоторепортаж ұсынады.

Қаладағы дәріханалар жұмысы әдеттегідей жалғасады. Соның өзінде соңғы күндері ұзын-сонар кезек жиі байқалады. Халық жиі тұтынатын дәрілер таусыла бастаған.

Парктер мен гүлзарлар, жағажайлар жабылып, кіреберістеріне бөгет қойылады. Полиция адамдардың аумаққа өтпеуін қатаң бақылайды.

Ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындарына ғана жұмыс істеуге рұқсат бар. Ол санитарлық нормаларды сақтауы тиіс.

Үлкен супермаркеттер де жабық болады.

«Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен үй маңындағы азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Базарлар да жабылады. Азаматтар сенбіге дейін қажетті өнімдерін сатып алуы керек. Үй маңындағы азық-түлік дүкендерінде қажеттінің бәрі бар», – деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Екі күнде де қоғамдық көліктер жүрмейді. Жалпы дүкенге, дәріханаға баруды, медициналық қызметті, рұқсат етілген жұмысты қоспағанда көшеге шығуға тыйым салынған.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.