«Nur Sunqar» байқауының жеңімпаздары анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл аталған байқау 11-ші рет өткізіліп отыр

БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы дәстүрлі «Nur Sunqar» байқауының жеңімпаздарын анықтады. Бұл туралы партяи Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Facebook-парақшасында жазды. Биыл аталған байқау 11-рет өткізіліп отыр.

«Nur Sunqar» - медиа-қоғамдастық қызметкерлерінің елде жүріп жатқан реформаларды қолдау, қоғамдық маңызы бар жобалардың табысты атқарылуы және халықтың кері байланысын қамтамасыз ету бойынша сіңірген еңбегі мен үлесін бағалаудың бір көрінісіБарлық құқықтар сақталған», - деп жазды Б. Байбек.

Конкурстық комиссия биыл бірнеше жаңа номинация белгілеп отыр: «Алғы шеп» – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін», «Біз біргеміз» – волонтерлік жұмыс туралы үздік жарияланым», «Партияның «қайта жандануы» бойынша үздік материал» номинациялары. Жалпы 135 өтінім және 355 материал берілді. Байқау жеңімпаздары:

  1. «Телевизия үздігі» – Саламат Омаш, «Qazaqstan» РТРК;
  2. «Ұшқыр қалам» – Айгүл Аханбайқызы, «Егемен Қазақстан» газеті;
  3. «Үнжария» – Абдреева Ләззат Төлегенқызы, NS Радиосы;
  4. «QazNet үздігі» – Ахметов Альберт Рашитович, «Zakon.kz»;
  5. «Партияның қайта жандануы» – Нұрислам Ғұмар, «Қазақстан-Атырау» телеарнасы
  6. «Елбасы салған сара жол» – Серик Малеев, «Алтын Орда» АА;
  7. «Блогосфера үздігі» – Айдос Жұқанұлы, «Qazaqstan» РТРК;
  8. «Алғы шеп» – Әлімжанова Ирина Советжанқызы, «31 арна»;
  9. «Біз біргеміз» –Тұрсынғазина Әсел Тұрсынғазықызы, «Хабар» телеарнасы.