$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.06.2020, 13:52
Қоғам

Қазақстанда 13 мың шетелдік заңсыз жүр

Үкімет төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін 60 күндік өтпелі кезеңді белгілеген

Қазақстанда 13 мың шетелдік заңсыз жүр

Қазақстан аумағындағы төтенше жағдай аяқталған күнге, яғни 11 мамырдағы мәліметке сәйкес, елде жүріп-тұру мәртебесін реттемеген 115 мың шетелдік болған. Бұл жөнінде ҚР ІІМ Көші-қон комитетінің басқарма бастығы Асқар Алдоңғаров мәлім етті. Бірақ аталған шетелдіктердің біразы 11 мамырдан соң құжатын туралаған.

«Соның ішінде 4 мың шетелдікке виза берілді. 17 мың шетелдік уақытша тұруға арналған рұқсат алды. 78 мың жұмысшыға көшіп келуге рұқсат берілді және құжат мерзімдері ұзартылды. Қазақстаннан 3000 адам шығып кетті», - деді ол жұма күнгі брифингте.

Яғни, әлі 13 мыңдай шетел азаматы мәртебесін рәсімдеп үлгермеген. Комитет басшысы олардан Қазақстанда жүрген азаматтардан мәртебесін уақытылы заңдастыруды сұрады.

Бір ескеретіні, 10 шілдеге дейін шетелдіктер Қазақстаннан қандай да бір құжаттарды рәсімдеусіз кете алады.

Еске салсақ, Үкімет төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін 60 күндік өтпелі кезеңді белгілеген. Осы мерзім аралығында мерзімі өтіп еткен бірқатар құжат жарамды болды.

«Оған келу және кету құжаты, визалар, ҚР-да уақытша және тұрақты тұруға арналған рұқсат, жұмыс берушінің шетелден еңбек күшін тартуға алған рұқсат қағазы, пана іздеген адамның куәлігі кіреді», - деп айтты Асқар Алдоңғаров.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары