Астананың дәрігерлері полицияға мәлімет бергенімен, Келес полициясы оны есептен алып тастаған
Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздың ар-намысына қатысты қылмыс фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Біз бұл істі ІІМ және облыстық прокуратурамен бірлесе қарап жатырмыз. Қыз бала қаңтар айында босанған, ал анасының атынан шағым қазан айында түскен. Қыз Астана қаласында босанған кезде аурухана бұл туралы полицияға хабарлаған. Астана қаласы полиция департаменті фактіні қылмыстық іс тіркеу кітабына енгізіп, істі аумақ бойынша Түркістан облысына жіберген. Алайда облыстың Келес аудандық полиция бөлімі істі номенклатуралық іс ретінде есептен шығарып тастаған», - дейді Динара Зәкиева.
Осы дерек бойынша ІІМ мен облыстық прокуратура тексеру жүргізіп жатыр. Өңірлік уәкіл қазіргі уақытта оқиға орнында.
Еске салсақ, Келес ауданында 71 жастағы ер адам 15 жастағы қызға азғындық жасап, аяғын ауыр еткен.