Қазақстан биыл әртүрлі дәрежедегі ардагерлерге 12,6 млрд теңге жәрдемақы төлеген
Елімізде әртүрлі дәрежедегі 80 мыңға жуық ардагер бар

Қазақстанда 79 313 ардагер өмір сүреді, оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 86 ардагер, жеңілдіктер бойынша осы ардагерлерге теңескен 16 556 ардагер, басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқан 26 587 ардагер, 36 084 тыл еңбеккерлері бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2025 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 12,6 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.
Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, төлене береді. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің қазіргі төлемі 62 мың теңге.