16.10.2025, 18:20
Қоғам
«Кемі 7 мың адам үй алады»: елімізде «Әскери баспана» бағдарламасы қайта басталатын болды
Жыл сайын кемінде жеті мың әскери қызметші үй алады деген болжам бар
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Қазақстанда «Әскери баспана» бағдарламасы қайта басталатын болды. Бұл туралы бүгін үкімет тиісті шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy
Үкімет жалпы Қазақстандағы ипотекаға берілетін қаражатты екі есе ұлғайтпақ.
«Сонымен қатар сұранысқа ие «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады, ол жыл сайын кемінде жеті мың әскери қызметшінің отбасына жаңа үйден бөлек, қайталама нарықтан да пәтер сатып алуға мүмкіндік береді», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкімет сондай-ақ осы бағдарламаға қатысатын құрылыс компаниялар үй бағасын үш жыл қымбаттатпауға міндеттелді.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды