16.10.2025, 16:52
Қоғам
«Жарты миллион теңгесін шешіп алған»: Аягөзде 62 жастағы зейнеткер телефонын жоғалтып алып, сан соқты
Оның телефонын тауып алған ауылдасы 574 мың теңгесін шешіп алған
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Аягөз ауданында тұратын 62 жастағы зейнеткер телефонын жоғалтып алып, жарты миллион теңгесінен айырылып қалған. Полицияның мәліметіне сүйенсек, бұл ұрлықты ауылдасы жасаған, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Полицияға арыз жазған зейнеткер бір банктегі 407 мың теңгесінен, бір қосымшада 167 мың теңгесінен айырылғанын айтып, арыз жазған. Полиция жедел әрекет етіп, 25 жастағы тұрғынды қолға түсірді. Тергеу кезінде ол кінәсін мойындап, телефонды тауып алғаннан кейін қосымшаларды оңай ашып, ақшаны аударып алған», - деп хабарлайды Абай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Анықталғандай, 25 жастағы жігіт ақшаны біреуге аударып, одан кейін оны шешіп алған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды