$ 537.84  626.85  6.79
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2025, 14:08
Қоғам

Темірлан Анарбеков «Халықтың Сүйіктісі-2025» ұлттық сыйлығына үміткер болды

Биыл Ұлттық сыйлықтың басталғанына 15 жыл болды

Темірлан Анарбеков «Халықтың Сүйіктісі-2025» ұлттық сыйлығына үміткер болды
Фото: «Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол командасын Чемпиондар лигасына шығарған қақпашы Темірлан Анарбеков «Халықтың сүйіктісі-2025» ұлттық сыйлығының үміткері болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, лауреаттарды анықтайтын алғашқы дауыс беру кезеңі 13 қазанда басталған. Бірінші кезең аясында дауыс беру 24 қазанда тоқтайды. Темірлан Анарбековтен бөлек биыл ұлттық сыйлыққа танымал дәрігер, боксшылар мен журналистер, сондай-ақ депутаттар үмітті болып отыр.

«Үміткерлер қатарында белгілі спортшылар – Темірлан Анарбеков, Давид Дегтярев, Назым Қызайбай, Төрехан Сабырхан; дәрігерлер – Алексей Белокобылов, Мынжылқы Бердіходжаев; ғалымдар – Күнсұлу Закарья, Анатолий Плешаков; тележүргізушілер – Ерқанат Көпжасар, Әкерке Бектас, Камила Жүсіпова; депутаттар – Бақытжан Базарбек, Ермұрат Бапи, Асхат Аймағамбетов және қоғам белсенділері – Зауреш Баталова, Сергей Цирюльников және тағы басқалар бар», - деп хабарлайды ұйымдастыру комитеті.

Жалпы, биыл ұлттық сыйлықтың 11 негізгі номинациясы бекіген. Facebook желісіндегі ашық ұсыныстарға сай, мына номинациялар бекіп отыр:

  • Жылдың мұғалімі
  • Жылдың ғалымы
  • Жылдың дәрігері
  • Жылдың мәдени жобасы
  • Жылдың тележүргізушісі
  • Жылдың спортшысы
  • Жылдың параспортшысы
  • Жылдың парламентшісі
  • Жылдың қоғам қайраткері
  • Жылдың жастар көшбасшысы
  • Жылдың медиа-тұлғасы

«Қазақстандықтар 2025 жылғы 13–24 қазан аралығында сыйлықтың Facebook-тегі ресми парақшада бірінші кезең аясында дауыс бере алады. Осы кезең қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған төрт үміткер Short List (финал) тізіміне енеді. Финалда халық ұлттық сыйлықтың ресми сайтында таңдау жасай алады», - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, былтыр осы ұлттық сыйлықты Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жеңіп алған еді. 

Серіктес жаңалықтары