Атырау мен Павлодарда сталкингке қатысты екі қылмыстық іс қозғалған - Бас прокуратура

Автор: Бақыт Шынар

Қазір құқық қорғау органдары істерді тергеп жатыр

Фото: istockphoto.com

Бір ай бұрын, 16 қыркүйекте күшіне енген заңға сай, сталкинг фактілері бойынша 2 қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып

Дереккөзге сүйенсек, бір іс Атырауда, бір іс Павлодар облысында тіркелген. Атыраудағы жағдайға қатысты біз бұған дейін де мәлімет берген едік. Атырауда әйелдердің терезесінен сығалап, шешінген ер адам «сталкинг» бабымен сотталуы мүмкін.

Жалпы, Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, сталкинг жасаған адамдарға 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза көзделген.

«Сталкинг - зорлық-зомбылықпен байланысты емес адамның заңсыз қудалануы ретінде айқындалған. Мұндай әрекетте зорлық белгілері болмағандықтан сталкинг қылмыстық теріс қылықтар санатына жатады», - деп хабарлайды Бас прокуратура.