Астана прокуратурасы Қылмыстық кодекске өзгеріс ұсынған
Астана прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 16 және 91-баптарына өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазір осы баптарға сай қылмыс істеген, бірақ, психикалық ауруына байланысты жазадан босаған адамдардың көлік жүргізу құқығы жойылмайды. Прокуратура жаңа өзгеріс күшіне енсе, осындай адамдардың ісін қараған сот олардың жазасын тағайындап, сол сәтте жүргізуші куәлігінен айыра алады деп санайды.
«Талдауға сай, Қылмыстық кодекстің 16 және 91-баптарына өзгеріс енгізуді ұсындық. Бұл өзгерістер күшіне енсе, сот психикалық ауруға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босаған адамдарға қатысты көлік құралын басқару құқығын тоқтату мәселесін қатар қарай алады», - деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
Айта кетейік, прокуратура бұған дейін Астанада ақыл-есі кем 6 адам көлік жүргізіп жүргенін анықтаған еді.