Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қыметінің директоры Дархан Ділманов мәлім етті
Шекара қызметінің директоры этникалық екі қазақ жігітінің соты Қылмыстық кодекстің 392 бабы бойынша, «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен» бабына ғана қатысты өтеді. Яғни оларға басқа айып тағылып отырған жоқ.
«Оқиға Шығыс Қазақстан облысы Зайсан шекара бекетінің аумағында болған. «Комсомол» шекара заставасының басшысы мен шекара комендатурасының комендантын да қызметтік жаза күтіп тұр. Қытай азаматтары заңсыз кесіп өткен жерден бірнеше айғақ аттар табылды. Екеуі ол заттарды танып, өздерінікі екенін мойындады», - дейді Дархан Ділманов.
Оның айтуынша, екі жігіттің оқиғасы өте сирек кездеседі. Шекарадағы лауазымды қызметтердің жазалауына себеп – шекарада адам факторының қатесі болған.
«Сондықтан, мемлекеттік шекараны күзетудегі кейбір жұмыстарды өзгертеміз», - дейді ол.
Дархан Ділманов Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханұлы 1 қазан, Қытай Халық Республикасында білім күні тойланып жатқанда қазақ-қытай шекарасын заңсыз кесіп өткенін еске салды. Қазір Қытайдың екі азаматы уақытша қамау изоляторында тергеліп жатыр.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан