Жоба басталғаннан бері 78,8 мың өтініш түскен
2025 жылдың басынан бері мүгедектікті белгілеудің сырттай форматы аясында еліміз бойынша 78,8 мың өтінім қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл пилоттық жоба ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен барлық өңірде жүзеге асып жатыр.
Сырттай куәландыру бүгінде 30 түрлі ауру бойынша жүргізіледі. Тек емханаға барып қажетті тексеруден өткеннен кейін қалған процестер азаматтың қатысуынсыз ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде атқарылады.
2024 жылы осындай форматта 96,9 мың өтінім қаралып, ол мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрады.
Жаңа жүйенің артықшылықтары:
Бұл бастама Мемлекет басшысының ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынды.