Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем шақыратындар саны 2,5 есеге өскен

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада 118 бригада жұмыс істеп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Биыл маусым айында елордалық жедел жәрдем қызметінің жүктемесі бірнеше есеге өсті, деп хабарлады қалалық жедел медициналық көмек станциясының директоры Мұрат Оразбаев.

«Маусым айынан бері қоңырау соғатындар саны 4 есеге өсіп, шамамен 4 мыңды құрады. Ал, шақыртулар саны 2,5 есеге өсіп, тәулігіне орта есеппен 3 мыңды құрады», - деді М.Оразбаев.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтанда 118 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Олардың бәрі 100% қорғану киімдерімен, маскалармен қамтамасыз етілген.