$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2025, 17:45
Қоғам

Енді әкімдер курорттардың шекарасын өздері айқындауы мүмкін

Қазақстанда курорттық аймақтар үшін арнайы құқықтық режим енгізу ұсынылды

Енді әкімдер курорттардың шекарасын өздері айқындауы мүмкін
Фото: istockphoto.com

Қазақстандағы курорттық аймақтардың қызметін жүйелі реттеу мақсатында оларға арнайы құқықтық режим орнату ұсынылды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бүгінде курорттық аймақтарды ресми түрде белгілеу тәртібі мен нақты критерийлері жоқ. Олардың тізімі мен институционалды шекаралары да бекітілмеген. Осы мәселені шешу үшін Туризм және спорт министрлігі:

  • курорттық аймақтардың қызметін реттейтін қағидаларды әзірлеу және бекіту,
  • сондай-ақ олардың ресми тізімін бекіту жөніндегі өкілеттіктермен қамтамасыз етуді ұсынып отыр.

Жаңа қағидаларда мынадай мәселелер қарастырылады:

  • туристік инфрақұрылым нысандарына қойылатын міндетті талаптар,
  • жағажайларды абаттандыру,
  • экотуризмді дамыту,
  • белсенді туризм түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
  • ұлттық стандарттарды енгізу.

Сонымен қатар:

  • Жергілікті атқарушы органдар курорттық аймақтардың шекараларын айқындау, мастер-жоспарлар мен бас жоспарларды әзірлеу, дизайн-кодтарды бекіту өкілеттіктеріне ие болады.
  • Курорттық аймақтарға инвестициялық преференциялар тәрізді арнайы құқықтық режим беріледі.
  • Туризм жобаларын жеңілдетілген несиелендіру мүмкіндігі қарастырылады.
  • Міндетті талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау жүйесі енгізіледі (жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер, шектеу шаралары).

Мемлекет бұл шаралар арқылы туристік аймақтарда инвестициялық тартымдылықты арттырып, сапалы инфрақұрылым мен қауіпсіз демалыс мүмкіндіктерін дамытуды көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары