Өңірлердегі жәрмеңкеде 203 тонна сиыр еті сатылған

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы сауда министрлігі хабарлады

Өткен демалыста елімізде 92 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, мыңнан астам фермер өнім ұсынды. Негізгі мақсат – сиыр етін қолжетімді бағамен сату және маусымдық тауарлар ассортиментін кеңейту болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сауда министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, 203 тоннадан астам сиыр еті сатылып, орташа баға килограмына 3085 теңге болған. Бұл ресми нарықтық бағадан 3,9%-ға төмен.

Негізгі көрсеткіштер:

  • Қарағанды облысы – 52 тонна, Астана – 45,5 тонн, Алматы – 35 тонна
  • Елордада ет 3200–3500 тг/кг, Алматыда 3150 тг/кг болды.
  • Павлодарда ең төмен баға тіркелді – 2400 тг/кг (нарықтан 24%-ға арзан).
  • Ақтөбеде 2700 тг/кг (–8%), Қызылорда мен Түркістанда – 2500 тг/кг (–18% және –13%).

Жәрмеңкелерге 190 мыңнан астам тұрғын келді. Ең көп адам Астанада (40 мың) және Ақтауда (30 мыңнан астам) тіркелген

Министрлік жәрмеңкелер күз бойы жалғасатынын хабарлады.