Өмірге келген бүлдіршіннің денсаулығы жақсы.
Түркістан облысы Созақ ауданының №35 жедел жәрдем бригадасы 22 жастағы келіншекті аман-есен босандырып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркістан облыстық жедел жәрдемнің баспасөз қызметі хабарлағандай, бригада шақыртуға тез жеткен. Дегенмен, жас ана перзентханаға жете алмай, көліктің ішінде босанған.
«Дәрігер Әсем Тұяқбаева, фельдшер Нұртаза Аштарханов пен жүргізуші Сансызбай Сағындықов ауылдың 22 жастағы тұрғынына шұғыл түрде көмек көрсетті. Уақтылы жасалған медициналық әрекеттердің нәтижесінде жас ана жедел жәрдем көлігінің ішінде босанып, өмірге қыз бала әкелді», – деп хабарлады жедел жәрдемнің баспасөз қызметі.
Қазір анасы мен қызының денсаулығы жақсы.