$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.09.2025, 18:00
Қоғам

Демалыс күндері ел бойынша алпысқа жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Азаматтар азық-түлікті нарықтағы бағадан арзан сатып ала алады

Демалыс күндері ел бойынша алпысқа жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: gov.kz

27–28 қыркүйек күндері Қазақстанның барлық өңірінде отандық тауар өндірушілердің қатысуымен 60-қа жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сауда министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Жәрмеңкеде фермерлер ет, балық, сүт, азық-түлік өнімдерімен қатар, көкөністер мен жемістердің кең таңдауын ұсынады. Барлық өнім тікелей өндірушілерден сатылатындықтан, баға қолжетімді болмақ әрі бұл шара жергілікті фермерлерді қолдауға ықпал етеді.

Өтетін уақыты мен өтетін орындары:

Астана мен Алматыда – 27 және 28 қыркүйек (сенбі-жексенбі);

Басқа өңірлерде – 27 қыркүйек (сенбі).

Астанада жәрмеңке «Keruen Joly» СОО-да және «Қазанат» ипподромының автотұрағында өтеді. Алматы қаласында жеті ауданда бірнеше сауда орны белгіленген. Сондай-ақ, Шымкент, Ақтөбе, Қонаев, Тараз, Өскемен, Семей, Ақтау, Орал, Қызылорда, Қостанай, Рудный, Теміртау, Қарағанды және өзге де облыс орталықтары мен аудандарда жәрмеңкелер өтеді.

 

Серіктес жаңалықтары