$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.09.2025, 17:48
Қоғам

Мүмкіндігі шектеулі әйел Талғар әкімдігін сотта жеңіп шықты

Ол тұрғын үй қорынан үй алғысы келген

Мүмкіндігі шектеулі әйел Талғар әкімдігін сотта жеңіп шықты
Фото: istockphoto.com

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында А. есімді азаматтың Талғар аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы бөліміне» қарсы берген әкімшілік талабы қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Істің мән-жайы:

Талапкер – І топтағы мүгедек, 2014 жылдан бері «әлеуметтік осал топ» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған. 2024 жылғы 27 желтоқсанда тұрғын үй комиссиясы соңғы 5 жылда оның жеке меншігінде пәтер болғанын негізге алып, баспана беруден бас тартқан.

Алайда сот анықтағандай, ол пәтер мемлекет тарапынан мүгедектікке байланысты берілген, кейін отбасылық жағдайына байланысты сыйға тарту арқылы басқаға өткен. Бұдан бөлек, бұрын берілген баспана отбасы мүшелерінің көбеюіне және асырауындағы І топтағы мүгедек ұлына байланысты санитарлық талаптарға сәйкес келмеген.

Сот шешімі:

2024 жылғы 27 желтоқсандағы тұрғын үй комиссиясының шешімі заңсыз деп танылып, күші жойылды;

Комиссияға талапкердің әлеуметтік мәртебесін және санитарлық нормаларды ескере отырып, тұрғын үй бөлу мәселесін қайта қарау міндеттелді.

Сондай-ақ, сот шешімін орындау мерзімі бір ай деп белгіленді. Егер ол уақытында орындалмаса, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда санкция ұлғайтылады.

Шешім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары