Қазақстанда неше адам өз еркімен несие алудан бас тартқаны белгілі болды

Автор: Бақыт Шынар

Халық бірнеше портал арқылы несиеден бас тарта алады

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 3 миллионнан астам адам несие мен микрозайым беруге ерікті түрде тыйым қойған. Банктер мен микроқаржы ұйымдары бұл азаматтардың өтініш автоматты түрде бұғаттап отырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Fingramota.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Азаматтар eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасына кіріп, ЭЦҚ арқылы несие алуға шектеу қоя алады.

«Стоп кредит» сервисі қазірдің өзінде сұранысқа ие болды. Бірінші кредиттік бюроның дерегінше, 3 миллионнан астам қазақстандық жаңа несие алуға ерікті түрде тыйым орнатқан. Бұл банктер мен микроқаржы ұйымдары клиенттің несие тарихын тексергенде шектеу бар екенін көріп, автоматты түрде қарыз беруден бас тартуы тиіс дегенді білдіреді», – деп мәлімдеді сарапшылар.

Жаңа өзгеріс 2024 жылдың қыркүйегінен бастап күшіне енді.