Алматы күнінде қалада 69 нәресте дүниеге келген – олардың арасында үшем бар

Автор: Бақыт Шынар

Өмір есігін ашқан балалардың жартысынан көбі қыз бала

Фото: Алматының денсаулық сақтау басқармасы

Алматының туған күнінде шаһардың тағы 69 тұрғыны дүние есігін ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеше, Алматы күнінде қалада 69 бала туған. Олардың арасында 32 ұл, 37 қыз бала бар. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, дүние есігін жаңа ашқан балалардың арасында үшемдер де бар.

«21 қыркүйекте Алматының перзентханаларында 69 сәби дүниеге келді, оның 32-сі ұл бала және 37-сі қыз бара. Сондай-ақ қала күні қарсаңында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ арқылы босанған әйел өмірге үшем әкелді», - деп хабарлайды басқарма.

Үшемнің аналары – 30 жастағы қала тұрғыны. Дәрігерлер оны кесер тілігі арқылы босандырып алған.