Алматы облысында алименттен жалтарған 33 әке сотталып кетті
Тағы 17 адам өз еркімен қарызын өтеген соң істері тоқтаған

Алматы облысының прокурорлары осы жылдың сегіз айында 3,5 млрд теңге алимент өндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстың прокурорлары сондай-ақ қасақана алимент төлемей жүрген адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартатындарын хабарлап отыр.
«Қылмыстық кодекстің 139-бабы, яғни, балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әрі қасақана алименттен жалтарған 50 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 33 адам сотталып, берешекті ерікті түрде өтеген 17 адамның ісі тоқтады», - деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.
Мысалы, дереккөзге сүйенсек, облыстағы аудандардың бірінде бір әке 2,1 млн теңге қарызы үшін бір жылға бостандығын шектеуге үкім шығарды. Ол екі жылдан астам уақыт бойы баласын асырау жөніндегі міндетін орындамаған.
Сонымен қатар, алименттік қарыздарды өтеу үшін 4 жылжымайтын мүлік (жер телімдері, үйлер) тәркіленді. Мәселен, 5 млн теңге берешегі бар борышкер «И»-дің орнына сот орындаушысы Еңбекшіқазақ ауданындағы 100 шаршы метр тұрғын үйді өндіріп алды.
«Прокуратураның бастамасымен 169 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 108-і 5 тәулікке дейін қамауға алынды», - деп хабарлайды дереккөз.