$ 541.34  640.73  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:47
Қоғам

«Мені ауру деп жаздырды»: Арыста экс-күйеуі әйелге екі жылдан бері балаларын көрсетпей жүр (ВИДЕО)

Оның үстіне, бұрынғы күйеуі үйін сатып жіберіп, әйелді қуып жіберген екен

«Мені ауру деп жаздырды»: Арыста экс-күйеуі әйелге екі жылдан бері балаларын көрсетпей жүр (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/gulmira_abykai_official/

Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Жәудір Тасқұлқызы есімді келіншектің ауыр тағдырығын баяндаған: келіншектің экс-күйеуі оған екі жылдан бері бес баласын көрсетпей келеді екен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Журналистің айтуынша, әділдікке жете алмаған келіншек кеше өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты.

«Әйелдің айтуынша, бұрын күйеуі оны үнемі ұрып-соғып, қорқытып ұстаған екен. Жан баласымен сөйлестірмей, дүкен мен төркінге баратын уақытын шектеген. Бір минут кешіксе үйіне кіргізбей қоятын. Арада бес бала болған. Балаларын өсе келе анасына қарсы қойып, 15 жыл тұрған үйлерін енесінің күйеуіне аударып алып, өзін қуып жіберіпті», - деп жазған журналист.

Сондай-ақ, журналистің видеосына сұхбат берген әйелдің өзі экс-күйеуінің тағы бір құйтырқы әрекетін айтыпты.

«Түркістан облысындағы дәрігерге мені психикалық ауру деп анықтама жаздырып алыпты. Мен балаларымды сағындым, екі жылдан бері үйге барсам, қақпасын ашпайды», - деген әйел.

Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, Жәудір мен күйеуі ажырасатын күні оның кенжесі анасынан қалмай, жылаған екен. Келіншек оны жібермей, оны алып қашып кеткен.

«Күйеуі бала ұрлады деп арыз жазған. Бірақ, өзі екі жылдан бері Жәудірге балаларын көрсетпейді. Жәудір полицияны ертіп барғанда да құқық қорғау органдарының қызметкерлерін адам ғұрлы көрмей, балаларды көрсетпей қойған. Облыстың прокуратурасы, полиция, Бала құқығы жөніндегі уәкілден осы іске назар аударуын сұраймыз», - деді Гүлмира Әбіқай.

Біз осы мәселе бойынша Түркістан облысының полиция департаментінен комментарий сұраттық. Құқық қорғау органы мәселені анықтауға көшкендерін хабарлады.

Қазір біз облыстың прокуратурасынан және Бала құқықтары жөніндегі уәкілден комментарий күтіп отырмыз.

Серіктес жаңалықтары